7 сағат бұрын
Әйбек Оралбай әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Әйбек Оралбай
Қазақстандық боксшы Әйбек Оралбай Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымы аясындағы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін сенімді жеңіспен аяқтады.
1/8 финалда 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін ұлттық құраманың капитаны түркиялық Ильяс Мюджахитпен кездесіп, төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімімен 5:0 есебінде басым түсті.
Осылайша Оралбай ширек финалға жолдама алып, әлемдік додада жүлдеге бір қадам жақындады. Ал оның қарсыласы турнирді аяқтады.
Айта кетейік, Әйбек Оралбай – Азияның екі дүркін чемпионы (2022, 2024). Ливерпульдегі бұл біріншілік – World Boxing ұйымы өткізген тарихтағы алғашқы ересектер арасындағы әлем чемпионаты болып саналады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
