8 сағат бұрын
Сабыржан Аққалықов сыншыларға жауап берді

Сабыржан Аққалықов
Ливерпульде өткен әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов (75 кг) 1/8 финалда украиналық Павло Илюшаға төрешілердің бөлінген шешіммен (SD) жеңіліп, турнирден шықты.
Жекпе-жектен кейін ол Instagram-да хабарлама қалдырып, сын айтқандарға жауап берді:
«Біз қанша жаттығып, үйден айлап алыстайтынымызды білмейсіздер. Жеңсең — мақтайсыздар, жеңілсең — бірден жаман. Спорт — бүгін чемпион, ертең жай қатысушы. Сыншылар, ауыздарыңызды жабыңыздар», — деп жазды ол.
Аққалықов — 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы. Кәсіпқой бокста көрсеткіші — 2–0, 2 КО.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
