7 сағат бұрын
Василий Жировты неге Қазақстанға шақырмайды?

Бокстан Атланта Олимпиадасының чемпионы, қазіргі сәтте БАӘ-де жұмыс істеп жүрген Василий Жиров Қазақстанға неге келмейтінін айтты, деп хабарлайды Sport12.kz
- АҚШ-та әртүрлі жастағы адамдарды боксқа баулыдым. Соңғы 6 айда БАӘ-де бапкер ретінде жұмыс істеп жатырмын. Үнемі қозғалыстамын. Барлығы менің не істеп жүргенімді біледі. Бірақ Қазақстаннан әлі хабарласпады. Бәлкім, бұның басты себебі - мен алғашқы Олимпиада чемпионы, бірінші әлем чемпионы болғанымдығынан шығар», - деді Василий Жиров.
Сондай-ақ, ол өзінің арнайы жаттығу тәсілі бар екендігін де айта кетті.
- «Қазақстан спортшылары кейінгі 2 Олимпиада ойындарынан алтынсыз қайтты. Ал менің тәжірибем көп. Өзім америкалық, кеңестік және отандық боксты да білемін. Арнайы жаттығу тәісілім арқылы боксшыларды чемпион қылуға қауқарым жетеді. Өзім 52 жастамын. Әлі де жаттығамын. Бабындамын. Елге келген сайын бокстың айналасында жүрген басшыларға да осындамын деп айтамын. Алайда айтқан сөздерім олардың бір құлағынан кіріп, екінші құлағынан шығып кетеді», - деп атап өтті Василий Жиров.
Айта кетейік, Василий Жиров әуесқой бокста 2 мәрте әлем чемпионатының қола жүлдесін алған. 1995 жылы Азия чемпионы атанған. Атланта Олимпиадасынан кейін АҚШ-қа кетіп, кәсіпқой боксқа бет бұрды. 1999 жылы 5 маусым күні Артур Уильямсты (АҚШ) жеңіп, бірінші ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
