7 сағат бұрын
Василий Жиров АҚШ азаматтығынан бас тартуға дайын ба?

Бокстан Атланта Олимпиадасының чемпионы Василий Жиров АҚШ және Қазақстан азаматтығы бар екенін айтты, деп хабарлайды Sport12.kz
- Қазақстанда жұмыс істеуге шақырса, әрине бас тартпаймын. Тіпті талай мәрте айттым. Бірақ күте тұр деп ешқандай қызмет бермейді. Туған жеріме де еңбегімді сіңіруім керек қой. Алайда АҚШ-тың азаматтығынан түбегейлі бас тартамын деп айта алмаймын. Себебі, АҚШ-та 2 балам бар. Екі ортада жүретін едім», - деді Василий Жиров.
«Уақыт көрсетеді» атты YouTube арнасына берген сұхбатында ол Қазақстаннан кіммен араласатынын айта кетті.
«Қазақстан ұлттық құрамасының алғашқы құрамында болдым ғой. Сол кездегі спортшылардан Болат Жұмаділов, Михаил Юрченкомен байланыстамын. Қазақстанға барғанда Ермахан Ибраимовпен де кездесіп тұрамын. Бірақ бұл байланыстардың барлығы нақты қызметтік қарым-қатынас бойынша деп айта алмаймын», - деп Василий Жиров өз ойымен бөлісті.
Айта кетейік, Василий Жиров әуесқой бокста 2 мәрте әлем чемпионатының қола жүлдесін алған. 1995 жылы Азия чемпионы атанған. Атланта Олимпиадасынан кейін АҚШ-қа кетіп, кәсіпқой боксқа бет бұрды. 1999 жылы 5 маусым күні Артур Уильямсты (АҚШ) жеңіп, бірінші ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
