6 сағат бұрын
Нұрбек - Тоқтарбек: қос қазақ боксшысының қайсысы жеңіске жетеді?

Бокстан Ливерпуль қаласында әлем чемпионатында кезекті алтыншы жарыс күнінде 80 келідегі Нұрбек Оралбай Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен күш сынасады, деп хабарлайды Sport12.kz
Осы орайда белгілі спорт журналисі Аян Төлеген өз болжамын жасады:
- Бұл жұпта Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Нұрбек Оралбайды фаворит деп есептеймін. Біріншіден, Нұрбек биыл АҚШ-та оқу-жаттығу жиынын өткізіп келді. Толыққанды дайын. Екіншіден, қос боксшы үш рет кездесіп, 2:1 есебімен Нұрбек алда келеді. 2023 жылы Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында төрешілер Тоқтарбектің қолын көтергенімен, жекпе-жек бойынша Нұрбекті жеңілді деп есептемеймін. Енді айқас өзге жерде өткендіктен, Нұрбектің жеңіске жетуге мүмкіндігі көп», - деді спорт журналисі Аян Төлеген.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай мен Тоқтарбек Таңатқанның арқасындағы 1/8 финалды 19:00-де Qazsport телеарнасынан көре аласыздар.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
