5 сағат бұрын
Виктория Графеева Өзбекстан спортшысымен айқасады

Бокстан Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының алтын жарыс күнінде екінші отандасымыз рингке шықты, деп хабарлайды Sport12.kz
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 60 келідегі Виктория Графеева 1/8 финалда жарыс қожайыны Люси Кингс-Уитлимен жолықты. Отандасымыз 3 раундта да қарсыласына мүмкіндік қалдырмай, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.
Енді Виктория 10 қыркүйек күні ширек финалда Ситора Турдибековамен (Өзбекстан) өзара мықтыны анықтайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
