7 сағат бұрын
Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутқа жіберді

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Махмұд Сабырхан жарқын жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
55 келідегі отандасымыз Косово өкілі Башким Баджокумен кездесіп, қарсыласын бірінші раундта-ақ нокаутқа түсірді. Осылайша, ол ширек финалға жолдама алып, әлем чемпионатындағы жорығын жалғастырады.
Айта кетейік, World Boxing ұйымының аясындағы дүбірлі дода 14 қыркүйекке дейін жалғасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
