6 сағат бұрын
Әлем чемпионатындағы қос қазақтың жекпе-жегінде Нұрбек Оралбай жеңді

Бокстан Ливерпуль қаласында әлем чемпионатында кезекті алтыншы жарыс күнінде 80 келідегі Нұрбек Оралбай Қытайдағы этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанмен кездесті, деп хабарлайды Sport12.kz
Көпшілік асыға күткен жекпе-жекте Нұрбек Оралбай жылдамдық пен дәл соққы жағынан алғашқы 2 раундта-ақ есепте алға шықты. Нәтижесінде ол 5:0 есебімен ұтты.
Айта кетейік, Нұрбек Оралбай мен Тоқтарбек Таңатқанның 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының финалында жұдырықтасып, отандасымыз басым түскен еді.
Енді жерлесіміз ширек финалда Өзбекстан немесе Оңтүстік Корея споршысының қай жеңгенімен айқасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
