6 сағат бұрын

Василий Жиров: әкемді өмірімде көрген емеспін

Василий Жиров: әкемді өмірімде көрген емеспін

Бокстан Атланта Олимпиадасының чемпионы Василий Жиров «Уақыт көрсетеді» атты YouTube арнасына берген сұхбатында туған әкесі жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Sport12.kz

⁃ Әкем мені өмірге әкелуге ғана ықпал етті. Бірақ туғанымнан бері мүлдем көрген емеспін. Тек кейінгі жылдары ғана онымен көрісуге әрекеттендім. Бірақ оның маған деген өкпесі бар секілді. Салқын қабылдады. Керісінше мен ренжуім қажет қой. Өйткені ол менің өмірімде мүлде болмады. Өзін көрсетпеді. Еш көмек көрсетпеді. Қазір Ресейдің бір жерінде тұрады. Тек қашықтықтан жазысамыз», - деді Василий Жиров.

Ол туған әкесіндей болып кеткендей жеке бапкері Александр Апачинский жайлы естелігімен де бөлісті.

«Бапкерімнің кез келген жағдайдан шығуға болады. Қандай кедергі болса да, тоқтамай, шешімін табуға тырыс деп үнемі айтып отыратын. Өкінішке қарай, ол АҚШ-та қала алмады. Қазақстандағы отбасы, ағылшын тілін білмеу, бапкер ретінде оны ешкім танымайды және т.б екеуміздің жолымыздың бөлінуіне әкеліп соқты», - деп Василий Жиров ойымен бөлісті.

Айта кетейік, Василий Жиров әуесқой бокста 2 мәрте әлем чемпионатының қола жүлдесін алған. 1995 жылы Азия чемпионы атанған. Атланта Олимпиадасынан кейін АҚШ-қа кетіп, кәсіпқой боксқа бет бұрды. 1999 жылы 5 маусым күні Артур Уильямсты (АҚШ) жеңіп, бірінші ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Санжар Ташкенбай ширек финалда!

Бокс 58 минут бұрын

Санжар Ташкенбай ширек финалда!

Наталья Богданова жартылай финалға шықты

Бокс 2 сағат бұрын

Наталья Богданова жартылай финалға шықты

Омыртқасын сындырып алған жасөспірімнің денсаулық жағдайы қандай?

Күрес 2 сағат бұрын

Омыртқасын сындырып алған жасөспірімнің денсаулық жағдайы қандай?

Дзюдодан жастар арасындағы АЧ; кімдерге сенім артамыз?

Футбол 3 сағат бұрын

Дзюдодан жастар арасындағы АЧ; кімдерге сенім артамыз?

Назым Қызайбай мажар қызынан басым түсті

Бокс 3 сағат бұрын

Назым Қызайбай мажар қызынан басым түсті

ҚХЛ: «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті

Хоккей 4 сағат бұрын

ҚХЛ: «Барыс» екінші ойын қатарынан жеңіске жетті