6 сағат бұрын
Назым Қызайбай мажар қызынан басым түсті

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing ұйымы өткізіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Назым Қызайбай алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Sport12.kz.
48 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз 1/16 финалда Мажарстан спортшысы Лилла Селечкимен кездесіп, жеңіске жетті.
Қызайбай жекпе-жектің алғашқы минуттарынан-ақ бастаманы өз қолына алып, қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады.
Айта кетейік, Назым Қызайбай — Қазақстан тарихында әйелдер арасында алғаш болып екі дүркін әлем чемпионы және Париж Олимпиадасының қола жүлдегері атанған боксшы.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
