6 сағат бұрын
Наталья Богданова жартылай финалға шықты

Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Наталья Богданова кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
70 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз түркиялық Сема Чалышканға қарсы жекпе-жекте басымдық танытып, төрешілердің бір ауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Наталья Богданова жартылай финалға жолдама алып, жүлделі орын үшін күресін жалғастырады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
