5 сағат бұрын
Санжар Ташкенбай ширек финалда!

Ливерпульде (Англия) өтіп жатқан World Boxing ұйымының әлем чемпионатында кешкі сессияда ересектер арасынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан Санжар Ташкенбай сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз 1/16 финалда иорданиялық Эшиш Хутайфамен қолғап түйістіріп, төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен басым түсті.
Алғашқы раундта есеп 3:2 болғанымен,соңғы раундта тактикалық артықшылығын айқын көрсетті. Қарсыласын толық зерттеп, шешуші сәттерде дәл соққыларды дарытқан жерлесіміз мықтылығын дәлелдеді.
Енді ширек финалда Санжар Үндістан спортшысы Манденгбам Джадумани Сингхпен кездеседі. Бұл айқас 12 қыркүйек күні сағат 17:15-те өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
