8 сағат бұрын
Елдана Талипова - әлем чемпионатының қола жүлдегері

Бокстан Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында қоржынымызға екінші жүлде түсті, деп хабарлайды Sport12.kz
+80 келідегі Елдана Талипова жартылай финалда Польша өкілі Агата Кацмарскамен жұдырық түйістіріп, 0:5 есебімен есе жіберді.
Елдана өз мансабында екінші мәрте ересектер арасындағы жаһандық додаға қатысып, екеуінде де жүлдегерлер қатарына кірді.
Ол бұған дейін наурыз айында Сербияда өткен әлем чемпиогатында күміс жүлдегер атанған.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
