6 сағат бұрын
Айбек Оралбай әлем чемпионатының финалында!

Бокс
Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Айбек Оралбай (+90 кг) финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жартылай финалда отандасымыз аты аңызға айналған кубалық Хулио Сезар Ла Крузбен шаршы алаңға шықты. Жекпе-жек өте тартысты өтті. Бірінші раундта төрешілердің үшеуі Айбектің пайдасына дауыс берсе, екеуі қарсыласының пайдасына ұпай берді. Екінші раундта қазақстандық боксшы қарқынын үдетіп, бір бас жоғары тұрды. Үшінші раундта нокдаун алғанына қарамастан, Айбек 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.
Айта кетейік, Хулио Сезар Ла Круз — екі дүркін Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы. Осындай мықты қарсыласқа тап болғанына қарамастан, Айбек Оралбай финалға жолдама алды!
Осылайша, Айбек Оралбай 14 қыркүйек күні сағат 23:45-те өзбекстандық Джахонгир Зокировпен алтын үшін айқасады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
