1 күн бұрын
Сауль «Канело» Альварес 14 қыркүйекте кезекті жекпе-жегін өткізеді

Жексенбі, 14 қыркүйек күні таңертең бокстың мексикалық жұлдызы Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 КО) АҚШ спортшысы Теренс Кроуфордпен (41-0, 31 КО) титулдық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Онда орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.
Жекпе-жектің тікелей көрсетілімі Қазақстан уақытымен 8:00-ге белгіленген.
Сауль Альварес соңғы жекпе-жегін 3 мамырда кубалық Уильям Скаллға (23-1, 9 КО) қарсы өткізді. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шешімімен (115-113, 116-112, 119-109) жеңіске жетті.
Ал Теренс Кроуфорд 2024 жылдың 3 тамызында соңғы рет өзбекстандық Исраил Мадримовпен (10-2-1, 7 КО) кездескен еді. Бұл жолы төрешілер бірауыздан (115-113, 116-112, 115-113) жеңісті америкалық спортшыға берді.
Айта кетсек, мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес 2022 жылы ресейлік Дмитрий Биволдан жеңіліп қалған еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
