3 сағат бұрын
Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионатында алтынға таласады

Фото: Қазақстан ҰОК
Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова (51 келі) финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз финал жолдамасын қытайлық Ци Синьюмен қолғап түйістірді. Нәтижесінде қарсыласын 4:1 есебімен жеңді Енді ол финалда түрік Бусиназ Чакироглумен жұдырықтасады.
Алуа Балқыбекова 1996 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін әлем чемпионатында алтын, күміс, қола медаль алса, екі мәрте Азия чемпионы атағын жеңіп алды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі) финалға жолдама алған еді.
Енді ел құрамасынан Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (70 келі) финал жолдамасын сарапқа салады.
Сондай-ақ ондай мүмкіндікке 12 қыркүйекте Аида Әбікеева (65 келі). Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) иек болды.
Ал Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдені қанағат тұтты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
