2 сағат бұрын
Төрехан Сабырхан англиялық боксшыны жеңіп, әлем чемпионаты финалына шықты

Фото: Қазақстан ҰОК
Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан (70 келі) финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық жас боксшы финал жолдамасын англиялық Одель Камарамен сарапқа салған еді.
Жекпе-жек барысында ол қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктірді. Енді ол әлем чемпионы атағын жапон Сеуонретс Оказавамен сарапқа салады.
Төрехан Сабырхан 2006 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін ол жастар арасында әлем чемпионы (2024), жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның төрт дүркін чемпионы болған.
Сондай-ақ 2025 жылғы Странджа кубогының жеңімпазы атанды.
Айта кетсек, бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі) финалға жолдама алған еді.
Енді ел құрамасынан Наталья Богданова (70 келі) финал жолдамасын сарапқа салады.
Сондай-ақ ондай мүмкіндікке 12 қыркүйекте Аида Әбікеева (65 келі). Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) иек болды.
Ал Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдені қанағат тұтты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
