3 сағат бұрын
Бокстан әлем чемпионатында қазақстандық сегіз боксшы финалда сынға түседі

Фото: Қазақстан ҰОК
Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Наталья Богданова (70 келі) финалға шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз жартылай финалда англиялық Шантель Ридпен қолғап түйістірді.
Бірінші және екінші раундта англиялық боксшы 3:2 есебімен басым түсті. Үшінші раунд Натальяның басымдығымен аяқталып, финалға жолдама алды.
Осылайша отандасымыз ел құрамасынан финалға берілген сегізінші жолдамаға қол жеткізді.
Наталья Богданова 1999 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін әлем чемпионатында қола алса, 2022 жылы Азия ойындары үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) финалға жолдама алған еді.
Сондай-ақ ондай мүмкіндікке 12 қыркүйекте Аида Әбікеева (65 келі). Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) ие болды.
Ал Виктория Графеева (60 келі) мен Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары) қола жүлдені қанағат тұтты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
