3 сағат бұрын
Бокстан әлем чемпиогнатында Төрехан Сабырханның бапкері көз жасына ерік берді

Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Төрехан Сабырхан (70 келі) финалға шыққанда оның жеке бапкері Ілияс Оралбеков көз жасына ерік берді, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстандық жас боксшы финал жолдамасын англиялық Одель Камарамен сарапқа салған еді.
Жекпе-жек барысында ол қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктірді.Аталған жеңістен кейін шәкіртінің жеңісіне қуанған бапкері көз жасын жасырып қалған жоқ.
Енді ол әлем чемпионы атағын жапон Сеуонретс Оказавамен сарапқа салады.
Төрехан Сабырхан 2006 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін ол жастар арасында әлем чемпионы (2024), жастар мен жасөспірімдер арасында Азияның төрт дүркін чемпионы болған.
Сондай-ақ 2025 жылғы Странджа кубогының жеңімпазы атанды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
