3 сағат бұрын
World Boxing: 14 қыркүйекте 8 қазақстандық боксшы финалда бақ сынайды

Бокс
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 14 қыркүйекте соңғы финалдық жекпе-жектер өтеді. Қазақстан құрамасынан бір күнде сегіз боксшы алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Күндізгі сессия | 16:00
- 48 кг | 16:00 – 16:20 Назым Қызайбай – Минакши (Үндістан)
- 50 кг | 16:20 – 16:40 Санжар Тәшкенбай – Алдархишиг Баттулга (Моңғолия)
- 55 кг | 17:00 – 17:20 Махмұд Сабырхан – Лозанна Серрано (Испания)
Кешкі сессия | 22:00
- 51 кг | 22:00 – 22:20 Алуа Балқыбекова – Буси Наз Чакыроглу (Түркия)
- 65 кг | 22:40 – 23:00 Аида Әбікеева – Навбахор Хамидова (Өзбекстан)
- 70 кг | 23:00 – 23:20 Төрехан Сабырхан – Севон Оказава (Жапония)
- 70 кг | 23:20 – 23:40 Наталья Богданова – Лекейша Перголити (Аустралия)
- +90 кг | 23:45 – 00:15 Айбек Оралбай – Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)
Әлем чемпионаты 4–14 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жектерді «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
