2 сағат бұрын
Иван Дычко алғаш рет кәсіби рингте жеңілді

Иван Дычко
Қазақстандық супертяж салмақтағы боксшы Иван Дычко (15-1, 14 КО) кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ) Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы кештің андеркардында өтті.
Дычконың қарсыласы америкалық Джермейн Франклин (24-2, 15 КО) болды. Қарсыласу толық он раундқа созылып, төрешілердің бірауызды шешімімен Франклиннің жеңісімен аяқталды. Қазылар бағасы: 96–93, 95–94 және 97–92 америкалық боксшының пайдасына.
Жекпе-жек аса тартысты бола қойған жоқ, боксшылар көп жағдайда клинчке барып, көрермен күткендей қарқынды комбинациялар көрсете алмады. Бұл трибунадағы жанкүйерлердің наразылығын тудырды.
Кейбір жанкүйерлердің пікірінше, қазақстандық боксшы жеңілісті лайықты көрмегенімен, шешім Франклиннің пайдасына шықты. Осылайша, Иван Дычко өзінің 15 жеңістік сериясын тоқтатып, алғаш рет жеңіліс тапты. Оның 15 жеңісінің 14-і нокаутпен тіркелген.
Джермейн Франклин болса, кәсіби бокстағы 24-ші жеңісіне қол жеткізді.
Кештің басты оқиғасында Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 КО) пен Теренс Кроуфорд (42-0, 31 КО) арасындағы айқас өтті. Кроуфорд төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
