3 сағат бұрын
Назым Қызайбай әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Фото: Қазақстан ҰОК
Назым Қызайбай (48 келі) Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз финалда үндістандық Минакшимен қолғап түйістірді.
Бірінші раундта үндістандық боксшы басымдық танытса, екінші раунд Назымның пайдасына аяқталды. Дегенмен жеңіс үнлістандық боксшыға беріліп, Назым әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Отандасымыз Назым әлем біріншілігінде үш мәрте топ жарса, бір мәрте қола жүлдегер болды. Сондай-ақ ол 2021 жылы Азия чемпионы атанып, 2024 жылы Париж Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізді.
Енді еліміздің атынан Санжар Ташкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Аида Әбікеева (65 келі) Наталья Богданова (70 келі) алтынға таласады.
Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өтеді. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай финалдық, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
