2 сағат бұрын
Санжар Тәшкенбай – екі дүркін әлем чемпионы

Санжар Тәшкенбай
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай алтын медаль жеңіп алды.
50 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте ол моңғолиялық Алдархишиг Баттулганы айқын басымдықпен ұтып, өз карьерасындағы екінші әлем чемпиондығын иеленді.
Осылайша, Санжар Тәшкенбай екі дүркін әлем чемпионы атанып, Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтынды салды.
Айта кетейік, бұған дейін осы додада Назым Қызайбай ел қоржынына күміс медаль еншілеген болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
