2 сағат бұрын
World Boxing: Махмұд Сабырхан - 2025 жылғы әлем чемпионы

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан (55 келі) алтын медаль алды.
Отандасымыз испаниялық Лозано Серраномен күш сынасты. Алғашқы минуттан жерлесіміз басымдықты өз қолына алып, қарсыласының адымын аштырмады. Қорытынды есеп: 5:0.
Айта кетейік, осы әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан ең жылдам нокауттың да авторы атанған болатын.
Ол бұған дейін 2023 жылы Ташкенттнгі жаһандық додада алғаш рет топ жарған еді.
Махмұд Сабырханның жарыстағы жолы:
1/16 финал. Бриан Ортиз - 5:0
1/8 финал. Башким Бажоку - нокаут
1/4 финал. Руи Ямагучи - 5:0
1/2 финал. Чуанг Луи - 5:0.
Айта кетсек, бұдан бұрын Санжар Ташкенбай (50 келі) алтын алса, Назым Қызайбай (48 келі) күміс жүлдегер болды.
Енді ел құрамасынан Төрехан Сабырхан (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келі) сынға түссе, Алуа Балқыбекова (51 келі), Аида Әбікеева (65 келі) Наталья Богданова (70 келі) алтынға таласады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
