2 сағат бұрын
Өзбекстандық Джавохир Умматалиев - Әлем чемпионы

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында 80 келі салмақта финалдық айқас өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Шешуші жекпе-жекте өзбекстандық Джавохир Умматалиев пен француз боксшысы Йоерлин Сезар шаршы алаңға шықты. Үш раунд бойы қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмаған өзбек боксшысы айқын басымдық танытып, әлем чемпионы атағына ие болды.
Осылайша, небәрі 20 жастағы Джавохир Умматалиев ересектер арасындағы мансабында тұңғыш рет әлемдік додада алтыннан алқа тақты.
Айта кетейік, қарсыласы Йоерлин Сезар бұған дейін, шілде айында Астанада өткен Әлем кубогінде қазақстандық Нұрбек Оралбайды жеңіп, чемпион атанған болатын.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
