2 сағат бұрын
Алуа Балқыбекова бокстан әлем чемпионы атанды

Фото: Қазақстан ҰОК
Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Алуа Балқыбекова (51 келі) алтын медаль алды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Отандасымыз финалда алтын жүлдені түркиялық Бусеназ Чакыроглумен сарапқа салды.
Алғашқы екі раундта Алуа жинақы қимылдап, қарсыласына көбірек соққы жұмсады. Нәтижесінде Алуа Балқыбекова әлем чемпионы атанды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Махмұд Сабырхан (55 келі) мен Санжар Ташкенбай (50 келі) әлем чемпионы атанса, Назым қызайбай (48 келі) күміс жүлдегер болды.
Енді кешкі сессияда Төрехан Сабырхан (70 келі) және Айбек Оралбай (90 келі), Аида Әбікеева (65 келі) Наталья Богданова (70 келі) алтынға таласады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
