2 сағат бұрын
Аида Әбікеева - әлем чемпионы!

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing әлем чемпионатында Қазақстан тағы бір алтын медальға қол жеткізді. Бұл жолы 65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Аида Әбікеева финалда Өзбекстан өкілі Навбахор Хамидовамен кездесіп, тартысты жекпе-жекте жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Ақтық айқас отандасымыз үшін оңайға соққан жоқ. Алғашқы екі раундта төрешілер ұпайды өзбек боксшысына беріп отырды. Дегенмен, шешуші үшінші раундта Әбікеева тактикалық тұрғыдан дұрыс қадам жасап, қарсыласының шабуылдарын сәтті қайтарды. Сонымен қатар, Хамидоваға төрешілер тарапынан ескерту жасалып, бір ұпай шегерілді. Осы сәт жерлесіміздің пайдасына шешіліп, ол қайсарлық пен табандылықтың арқасында жеңісті жұлып алды.
Осылайша, Аида Әбікеева әлем чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына кезекті алтын медальды салды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
