2 сағат бұрын
Наталья Богданова – Әлем чемпионы!

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы бір алтынмен толықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
70 келі салмақта финалға шыққан Наталья Богданова аустралиялық Перголити Лекейшамен кездесіп, жекпе-жек барысында қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Үш раунд бойы айқын басымдық танытқан жерлесіміз төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша Наталья Богданова Қазақ еліне алтыншы алтын жүлдені сыйлады.
Ендігі кезекте Қазақстан сапынан +90 келі салмақ дәрежесінде ел намысын ең соңғы қорғайтын Айбек Оралбай финалда өзбекстандық Джахонгир Зокировпен кездеседі. Бұл жекпе-жек – алтын жүлде үшін тартыс болмақ.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
