3 сағат бұрын
Айбек Оралбай жеңісті жұлып алды!

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының Әлем чемпионаты қазақстандық бокс жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалықпен аяқталды. +90 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Айбек Оралбай финалда өзбекстандық Джахонгир Зокировпен кездесті.
Қарсыласының бой жағынан басымдылығы біздің боксшыға айтарлықтай қиындық туғызғанымен, Айбек өзінің жойқын әрі алымды соққыларымен қарсыласын қыспаққа алды. Алғашқы екі раундта төрешілер жеңісті Зокировқа берсе де, шешуші үшінші раундта Оралбай мықтылығын дәлелдеп, айқын басымдылық көрсетті.
Осылайша, Айбек Оралбай алтыннан алқа тағып, Қазақ еліне жетінші алтын жүлдені сыйлады. Командалық есепте Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс, 2 қоламен бірінші орынға шықты!
Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі!
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
