2 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы алтын медаль саны бойынша көш бастап тұр

Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алтын медаль саны бойынша сенімді түрде көш бастап келеді. Қазіргі таңда ұлттық құрама қоржынына алты алтын түсті.
Ерлер арасында чемпион атанғандар:
- Санжар Тәшкенбай (50 кг)
- Махмұд Сабырхан (55 кг)
- Төрехан Сабырхан (70 кг)
Ал әйелдер арасындағы чемпиондар:
- Алуа Балқыбекова (51 кг)
- Аида Әбікеева (65 кг)
- Наталья Богданова (70 кг)
Бәсекелес Өзбекстан құрамасы әзірге бес алтынға қол жеткізді. Олардың чемпиондары:
- Абдумалик Халоков (60 кг)
- Асадхуджа Муйдинхуджаев (65 кг)
- Фазлиддин Эркинбоев (75 кг)
- Джавахир Умматалиев (80 кг)
- Турабек Хабибуллаев (90 кг)
Осылайша, Қазақстан құрамасы алтын медаль саны бойынша әлем чемпионатының жалпы есебінде бірінші орында тұр.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
