3 сағат бұрын

Ағайынды Махмұд алдағы мақсаттарымен бөлісті

Ағайынды Махмұд алдағы мақсаттарымен бөлісті

Бокстан Ливерпульде өткен әлем чемпионатында топ жарған Махмұд Сабырхан әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz

"Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Бұйырып екі дүркін Әлем чемпионы атандым. Бұл осы уақытқа дейін төккен тердің өтемі деп білем!

Осы орайды бізді қолдаған барлық Қазақ еліне алғыс айтқым келеді. Боксты үнемі қолдап отыратын Мемлекет басшысына, ақыл кеңестерін айтып, демеп жүретін Геннадий Головкинге және Қазақстан бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліпке рақмет! Құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов және мені осы күнге жеткізген, бала кезімнен боксқа баулыған жеке бапкерім Ілияс Оралбековке зор алғыс!

Біз мұнымен тоқтамаймыз! Тарих жасап, үш дүркін Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы болу басты мақсатым.

Сонымен қатар бауырым Төреханды да Әлем чемпионы болғанымен құттықтағым келеді! Тоқтама, Татош!

Барлықтарыңызға рақмет!", - делінген жазбада.

Айта кетейік, World Boxing ұйымы өткізген тұңғыш жаһандық додада Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленіп, жалпы есепте топ жарды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Жаңа маусымға Қазақстанның шорт-трек құрамасы белгілі болды

Басқа 2 сағат бұрын

Жаңа маусымға Қазақстанның шорт-трек құрамасы белгілі болды

Ағайынды Махмұд алдағы мақсаттарымен бөлісті

Бокс 3 сағат бұрын

Ағайынды Махмұд алдағы мақсаттарымен бөлісті

«Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Басқа 3 сағат бұрын

«Ақ бидай – 2025» республикалық ойындары басталды

Қазақстанда Орталық Азияда теңдесі жоқ ауқымды спорт нысаны іске қосылды

Басқа 4 сағат бұрын

Қазақстанда Орталық Азияда теңдесі жоқ ауқымды спорт нысаны іске қосылды

Алуа Балқыбекованың қарсыласы: жеңілісті ешкім қабылдамайды

Бокс 4 сағат бұрын

Алуа Балқыбекованың қарсыласы: жеңілісті ешкім қабылдамайды

Астанада шорт-тректен ел чемпионаты мәресіне жетті

Басқа 5 сағат бұрын

Астанада шорт-тректен ел чемпионаты мәресіне жетті