2 сағат бұрын

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов Қазақстан чемпионатынан кімдер босатылатынын айтты

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов Қазақстан чемпионатынан кімдер босатылатынын айтты

Бүгін Астанадағы халықаралық әуежайда Ливерпульде өткен жаһандық доданың чемпиондарын салтанатты түрде күтіп алды. Салтанатты шарада ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов бірқатар сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sport12.kz сайты Elordainfo.kz сайтына сілтеме жасап.

- 15-22 қараша күндері аралығында Үндістанда өтетін әлем кубогының финалдық кезеңіне қандай құрам барады?

- Әлемдік бәсекеде ұлттық құраманың көшбасшылары қатыспайды. Жарыста 2-3 нөмірлі боксшыларға сенім артылады.

- Қазан айында өтетін Қазақстан чемпионатынан кімдер босатылады?

- Ливерпульде топ жарған Санжар Тәшкенбай (50 келі), Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Айбек Оралбайға (+90 келі) ғана демалыс беріледі. Өзге спортшылардың барлығы ел чемпионатына қатысуға міндетті.

- 12-19 қазан аралығында Семейде өтуге тиіс болған Қазақстан чемпионатының уақыты өзгеруі мүмкін деген сыбыс тарады. Бұл қаншалықты шындыққа жанасады?

- Иә, біршама жылдан кейін қайта жаңғырған Қазақстан Конфедерациясы жарысы мен Қазақстар чемпионатының арасы өте жақын болғандықтан, ел бәсекесінің уақыты сәл артқа шегеріледі. Бірақ ол міндетті түрде қазан айында ұйымдастырылады.

- Қазақстан ерлер құрамасы әлем чемпионатында үшінші мәрте 4 алтыннан алды. Нәтижеге қаншалықты көңіліңіз толады?

- Иә, жақсы. Бірақ Өзбекстан құрамасынан кеткен есемізді ескерсек, әлі біршама жұмыстарды істеу қажет. Менің ойымша, 80 келідегі Нұрбек Оралбай жеңуге тиіс болған. Бірақ олай болмады. Ал кейбір салмақтар қазақ боксшыларының үстемдігін мойындау керек.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында АҚШ-пен кездеседі

Теннис 56 минут бұрын

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында АҚШ-пен кездеседі

«Қайрат» тарихи сапарға аттанды

Футбол 58 минут бұрын

«Қайрат» тарихи сапарға аттанды

Нариман Курбанов халықаралық турнирде чемпион атанды

Басқа 1 сағат бұрын

Нариман Курбанов халықаралық турнирде чемпион атанды

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов Қазақстан чемпионатынан кімдер босатылатынын айтты

Бокс 2 сағат бұрын

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов Қазақстан чемпионатынан кімдер босатылатынын айтты

Тебас «Реалдың» төрешілерге қатысты шағымына пікір білдірді

Футбол 2 сағат бұрын

Тебас «Реалдың» төрешілерге қатысты шағымына пікір білдірді

Ғалымжан Кенжебекке «Селтик» ресми ұсыныс жасамаған

Футбол 2 сағат бұрын

Ғалымжан Кенжебекке «Селтик» ресми ұсыныс жасамаған