2 сағат бұрын

Төрехан Сабырхан әлем чемпионатын қорытындылады

Төрехан Сабырхан әлем чемпионатын қорытындылады

Бокстан Ливерпуль қаласянда өткен әлем чемпионатында ерекше көзге түсіп, жанкүйерлердің қошеметіне бөленген Төрехан Сабырхан арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz

«Ассалаумағалейкум, ағайын! Ересектер арасындағы алғашқы Әлем чемпионатыма қатысып, чемпион атандым!

Сіздердің қолдауларыңыз ерекше болды. Мен оны үнемі сезіндім. Қазақстанның көк туын бұдан ары қарай да көтеру үшін еңбек етем бұйырса.

Барлықтарыңызға рақмет! Әсіресе, ағам Махмұдқа ерекше алғыс айтқым келеді. Мені үнемі қолдап, білгенінін бәрін айтып жүреді. Көп рақмет! Бұйырса ары қарай да ұрамыз, аға!

Ағам екеуімізді кішкентай кезінен өзінің қанатының астына алып, Чемпион еткен жеке бапкерім Ілияс Оралбековке шексіз рақмет. Маған сеніп, Әлем чемпионатына алып келген Ұлттық құрама­ның бас бапкері Қайрат Сәтжановқа да рақмет.

Сонымен қатар әр кездесу­ге дейін және кездесуден кейін ақыл-кеңестерін айтып, қамшылаған Геннадий Головкинге, бізді үнемі қолдайтын Федерация президенті Шахмұрат Мүтәліпке алғыс білдіремін. Және өз қолдауларын беріп жүрген ағаларға рақмет», - деді Төрехан Сабырхан.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының ең жас 19-дағы боксшысы Төрехан Сабырхан 70 келі салмақта топ жарды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Бибісара Асаубаева Өзбекстандағы турнирде қола жүлегер атанды

Басқа 14 минут бұрын

Бибісара Асаубаева Өзбекстандағы турнирде қола жүлегер атанды

Қазақстан - Италия: Үшінші кездесуден не күтеміз?

Футзал 1 сағат бұрын

Қазақстан - Италия: Үшінші кездесуден не күтеміз?

Төрехан Сабырхан әлем чемпионатын қорытындылады

Бокс 2 сағат бұрын

Төрехан Сабырхан әлем чемпионатын қорытындылады

Президент Ақмола облысында Шахмат үйіне барды

Басқа 2 сағат бұрын

Президент Ақмола облысында Шахмат үйіне барды

Футзалдан Қазақстан құрамасының Италиямен кездесуінде кімдер алаңға шыға алмайды?

Футзал 2 сағат бұрын

Футзалдан Қазақстан құрамасының Италиямен кездесуінде кімдер алаңға шыға алмайды?

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін пікір білдірді

Күрес 3 сағат бұрын

Ризабек Айтмұхан әлем чемпионатындағы сәтсіздіктен кейін пікір білдірді