2 сағат бұрын

Ұлыбританияның бокс шолушысы Қазақстанның жетістігін сынады

Ұлыбританияның бокс шолушысы Қазақстанның жетістігін сынады

Ұлыбританияның бокс шолушысы Тейлор О’Хиггинс Ливерпульдегі әлем чемпионатына өз бағасын берді, деп хабарлайды Sport12.kz

  • "World Boxing ұйымы IBA кезіндегі тиімсіз басқару әдісін сынап, жаңа қадам жасады. Енді олар белгілі бір мемлекетке тәуелді ұйым емес. Алайда Англиядағы дода әлі де шешілмеген бірқатар мәселелердің бар екендігін көрсетті.

Біріншіден, трансляция қолжетімді болмады. Бастапқыда әлем чемпионаты YouTube арқылы көрсетілуі тиіс еді. Алайда соңғы сәтте ұйымдастырушылар Eurovision Sport-пен келісім-шарт жасады. Бірақ тікелей эфирді көптеген елдердің жанкүйерлері VPN арқылы ғана тамашалай алды. Оның үстіне эфирдің сапалығы көңілден шықпады.

Екіншіден, төрешілер мәселесі. Турнир барсында көптеген жекпе-жектердің баға берілу көрсеткіші күмән туғызады. Оған бірнеше мысалдарды келтіре кетсем:

⁃ Төрехан Сабырхан алғашқы айналымда Алжир өкілі Юсеф Ислам Ашимен жолықты. Бірінші раундта Алжир спортшысы көп дәл соққысын дарытқанымен, төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Төреханға берді. Екінші раундта Қазақстан спортшысы белсенді болғанымен, төрешілер 4:1 есебін Алжир боксшысына жазды.

⁃ Айбек Оралбайдың жартылай финалында Хулио Ла Крусға (Куба) қарсы тұрды. Ереже бойынша, 10:8 есебі бір боксшының айқын басым түскен сәтінде беріледі. 3-раундта Куба боксшысы жеңіске деген жігерін танытып, нокдаунға түсірсе де, төрешілер 10:9 деп бағалады. Бұл қорытынды нәтижеге әсер етті.

Ливерпульде біз көрген жағдай біліксіздіктің көрінісі болды. Оны тіпті жемқорлық деп қабылдауға болар еді. Әсіресе, бірқатар даулы шешімдердің Қазақстанның пайдасына шығарылғанын да айтуға болады. Себебі, Геннадий Головкин Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті әрі бір мезетте Халықаралық бокс қауымдастығының Олимпиада комиссиясын басқарады. Әрине, бұл жай ғана сәйкестік болуы мүмкін. Бірақ әуесқой бокстың тарихын ескерсек, мұндай жағдай кем дегенде сұрақтар туғызбай қоймайды.

World Boxing әлі өзінің жолын жаңа бастап келеді. Дамудың бастапқы кезеңіндегі қиындықтар – заңдылық. Көп жылдар бойы қалыптасқан жемқорлықты жою – оңай міндет емес. Кейінгі екі аптадағы оқиғаларға зер салсақ, алда әлі де көп жұмыс күтіп тұрғаны айқын болды…" - делінген Тейлор О’Хиггинстың Patreon.com сайтына жазған мақаласында.

Айта кетейік, 4-14 қыркүйек аралығында жалғасқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленіп, жалпы есепте топ жарды.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Нора Джеруто әлем чемпионатында жүлдеге сәл жетпей қалды

Жеңіл атлетика 25 минут бұрын

Нора Джеруто әлем чемпионатында жүлдеге сәл жетпей қалды

«Астана» қорғаушысына сәтті ота жасалды

Футбол 1 сағат бұрын

«Астана» қорғаушысына сәтті ота жасалды

Орталық Азия елдерінің төрелік комитеттері әріптестікті нығайтады

Футбол 1 сағат бұрын

Орталық Азия елдерінің төрелік комитеттері әріптестікті нығайтады

Дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Дзюдо 2 сағат бұрын

Дзюдодан жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді

Ұлыбританияның бокс шолушысы Қазақстанның жетістігін сынады

Бокс 2 сағат бұрын

Ұлыбританияның бокс шолушысы Қазақстанның жетістігін сынады

«Реал Мадрид» сапында Алматыға кімдердің келе алмайтыны белгілі болды

Футбол 2 сағат бұрын

«Реал Мадрид» сапында Алматыға кімдердің келе алмайтыны белгілі болды