2 сағат бұрын
Британиялық журналист әлем чемпионатында көзге түскен боксшылардың рейтингісін жариялады

Британиялық бокс шолушысы Мэтт Робинсон 2025 жылғы Ливерпульде өткен әлем чемпионатының қорытындысы бойынша үш қазақстандық боксшыны ТОП-10 cпортшының қатарына қосты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бұл тізімге Қазақстан атынан Аида Әбікеева (65 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі), Наталья Богданова (70 келі) кірген.
Журналисттің өзі қазақстандық боксшылардың екінші нөмірде жақсы жұдырықтасып, өткір қарымта шабуылдары мен аяқтағы қозғалыстарын ерекше атап өткен.
Айта кетейік, 4-14 қыркүйек күндері аралығында Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленіп, жалпы есепте топ жарған еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
