02.02.2023

Жүкембаев: Головкин АҚШ-тағы Кроуфордпен спаррингім туралы сұрады

Жүкембаев: Головкин АҚШ-тағы Кроуфордпен спаррингім туралы сұрады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында өз еліндегі дебюттік жекпе-жегін еске алып, 2023 жылға арналған жоспарын айтты.

– Батыр, былтыр жыл аяғында рингке қайта оралдыңыз. Ксолани Мкотелимен жекпе-жек қалай өтті?

– Рақмет. Рингке қашан да керемет жекпе-жек өткізу үшін шығамын және оны жанкүйерлер біледі. Мкотели мықты, ақылды және қауіпті қарсылас екенін көрсетті. Жекпе-жек жоспары асықпай, әр раунд өткен сайын шабуылды күшейтіп, қарсылас қорғанысынан кемшілік табу болатын.

Жекпе-жек ортасында қарқынымды арттыра бастадым. Нокаутқа түсіруді көздеген жоқпын, бірақ сәті келгенін көрдім және сол сәтті пайдаландым. Ұзақ үзілістен кейін жақсы жекпе-жек болды деп есептеймін.

– Сол бокс кешіне Геннадий Головкиннің ағасы Максим барды. Жекпе-жектен кейін ол сізді құттықтады ма?

– Иә, құттықтады. Сол күні мені қолдауға келгендердің барлығына алғыс айтқым келеді. Максим Головкин осы жекпе-жек үшін ұшып келді, оған бөлек рақмет айтамын. Ол менің өнерім мен қарсылас деңгейін жоғары бағалады. Біз АҚШ-тағы Теренс Кроуфордпен спаррингім туралы да сөйлестік.

Максим менің арсеналыма назар аударып, жоғары баға берді. Одан мұндай баға естігеніме қуаныштымын.

– Бұл сіздің Қазақстандағы алғашқы жекпе-жегіңіз болды. Өз елімізде жұдырықтасу қандай болды?

– Қатты толқыжым. Тіпті Канадада кештің басты жекпе-жегінде немесе Showtime арнасындағы жекпе-жекке шыққанда мұндай толқымаған едім. Қазақстанда жекпе-жек өткізу – үлкен жауапкершілік және менің мансабымдағы маңызды сәт. Жарқын өнер көрсете алғаныма қуаныштымын. 

– 2023 жылға қандай жоспарыңыз бар? Сабриэль Матиаспен реванш өткізу жоспарда бар ма?

– Биылға үлкен жоспарлар бар. Біріншіден, қазір түрлі ұсынысты қарастырып, 2023 жылға арналған стратегияны құрып жатырмыз. Кем дегенде үш жекпе-жек өткізгім келеді. Кейінгі жеңісімнен кейін чемпиондық таласқа қайта оралдым деп ойлаймын.

Матиас менің салмағымдағы ең үздік боксшылардың бірі. Болашақта онымен реванш өткізгім келеді. Мұндай жекпе-жектерден ешқашан қашқан емеспін, бұл жолы басқа деңгейде, басқа дайындықпен жекпе-жек өткіземін. Қазір келіссөз жүргізіп жатырмыз, көктемге жақын нақты жаңалық болады.

Әлем кубогы: Дәулет Төлемісов чемпион атанды

Бокс

Әлем кубогы: Дәулет Төлемісов чемпион атанды

Франция чемпионаты: ПСЖ мезгілінен бұрын чемпион атанды

Футбол

Франция чемпионаты: ПСЖ мезгілінен бұрын чемпион атанды

Әлем кубогы: Жазира Орақбаева алтын жүлде жеңіп алды

Бокс

Әлем кубогы: Жазира Орақбаева алтын жүлде жеңіп алды

Қазақстандық фристайлшы Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды

Басқа

Қазақстандық фристайлшы Еуропа кубогының күміс жүлдегері атанды

Нысына көздеуден қазақстандық спортшы Әлем кубогында қола алды

Басқа

Нысына көздеуден қазақстандық спортшы Әлем кубогында қола алды

Григорий Ломакин Үндістандағы турнирде топ жарды

Теннис

Григорий Ломакин Үндістандағы турнирде топ жарды