2 сағат бұрын

Қазақстандық спортшылар 8 айда қанша медаль жеңіп алды?

Қазақстандық спортшылар 8 айда қанша медаль жеңіп алды?

Отандық спортшылар 2025 жылдың бастапқы 8 айында 912 медаль еншіледі, деп хабарлайды Sport12.kz

Қазақстан әлемдік спорт аренасындағы беделін нығайтып келеді. 2025 жылдың алғашқы сегіз айында отандық спортшылар 912 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 351-і – алтын, 270-і – күміс, 291-і – қола.

Жерлестеріміз мұндай жетістікке мемлекеттің спортқа жүйелі қолдауының, жаттықтырушылар құрамының орасан зор еңбегінің, спорт федерацияларының үйлесімді жұмысының нәтижесінде қол жеткізіп отыр. Бұған қоса ұлттық құрамаға шетелдік мамандардың келуі және жаңа әдістемелердің енгізілуі де маңызды рөл атқарды.

Биылғы маусымдағы негізгі тарихи жеңістер:

Шорт-трек – қысқы Азия ойындарындағы алғашқы алтын;

Фристайл-могул – әлем чемпионатының қола медалі;

Фристайл-акробатика (синхронды секіру) – қысқы Азия ойындарындағы алғашқы алтын және жастар арасындағы әлем чемпионы;

Семсерлесу – әлем чемпионатындағы алғашқы командалық сындағы тарихи медаль;

Көркем гимнастика – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы алтын;

Дзюдо – әйелдер арасындағы әлем чемпионатындағы тарихи финал және алғашқы күміс медаль;

Бокс – World Boxing ұйымы аясындағы алғашқы әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте 1-орын;

Мәнерлеп сырғанау – 2025 жылғы әлем чемпионатындағы күміс медаль;

Пара биатлон – Әлем кубогының қорытындысы бойынша Хрусталь глобустың иегері.

Отандастарымыз командалық спорт түрлерінде де маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтар болсақ, «Қайрат» футбол клубы алғаш рет өз тарихында Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтті. Ал футзалдан «Қайрат» командасы УЕФА Чемпиондар лигасының күміс жүлдегері атанды.

Сегіз айдағы жетістіктер – отандық спорттың қарқынды дамып келе жатқанының айқын көрінісі. Енді спортшыларды Милан-2026 қысқы Олимпия ойындары алдында жауапты маусым күтіп тұр. Бұл жеңістер Қазақстанның әлемдік спорттағы беделін одан әрі арттыра түседі.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

«Шахтер» Премьер-лигаға жорығын жалғастырады

Футбол 28 минут бұрын

«Шахтер» Премьер-лигаға жорығын жалғастырады

Қазақстан бокс федерациясының президенті әлем чемпионатының жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы берді

Бокс 1 сағат бұрын

Қазақстан бокс федерациясының президенті әлем чемпионатының жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы берді

Қазақстандық спортшылар 8 айда қанша медаль жеңіп алды?

Бокс 2 сағат бұрын

Қазақстандық спортшылар 8 айда қанша медаль жеңіп алды?

Айдос Сұлтанғали жартылай финалға өтті

Күрес 2 сағат бұрын

Айдос Сұлтанғали жартылай финалға өтті

«Тобыл» - «Астана» ойынына кім қазылық етеді?

Футбол 2 сағат бұрын

«Тобыл» - «Астана» ойынына кім қазылық етеді?

Мерей Мәулітханов Олимпиаданың күміс жүлдегерін жеңді

Күрес 3 сағат бұрын

Мерей Мәулітханов Олимпиаданың күміс жүлдегерін жеңді