1 сағат бұрын
Қазақстан бокс федерациясының президенті әлем чемпионатының жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы берді

Ливерпульде өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль жеңіп алған еді. Осы орайда Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп спортшыларды құр қол қалмайтындығын айтқан еді, деп хабарлайды Sport12.kz
Әлем чемпионатында жүлдеге іліккен спортшыларға мемлекет тарапынан сыйақы қарастырылған. Федерация тарапынан спортшы мен бапкеріне І орынға - 100 мың доллар, ІІ орынға - 50 мың доллар, ІІІ орынға - 25 мың доллар беріледі. Ал бас бапкерлерге қосымша 100 мың доллар қарастырылған. Сондай-ақ, команданың жетістігіне үлес қосқан өзге мамандар да арнайы қосымша сыйлық табысталады, - деген еді Шахмұрат Мүтәліп «Ашық алаң» бағдарламасында.
Бүгін осы спортшылар федерация тарапынан ақшалай сертификаттарды алды. Ескере кететін жайт, World Boxing ұйымында жүлдегерлерге ешқандай ақшалай сыйақы қарастырылмаған. Салыстырмалы түрде IBA ұйымы 2021 жылдан бері жүлделі орын алған мен ширек финалға жеткен боксшыларға қомақты ақшалай сыйақы беретін еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
