4 сағат бұрын

6 әлем чемпионы, жаңа ереже: Қазақстан чемпионатының жеребесі қалай өтті?

6 әлем чемпионы, жаңа ереже: Қазақстан чемпионатының жеребесі қалай өтті?

Ертең, 15 қазан күні Семей қаласында бокстан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты ресми түрде басталады. Осы орайда Sport12.kz сайты ерлер арасындағы бәсекелестікке тоқталады.

Қандай ерекшеліктер бар?

Жүлделер World Boxing ұйымының бекіткен салмақтарында сарапқа салынады (2024 жыл - 13 салмақ, 2025 жыл - 10 салмақ)

Қазақстан чемпионатына 6 бірдей әлем чемпионы (2 ересек, 4 жастар) қатысады. Теміртас Жүсіпов (50 келі), Сәкен Бибосынов (55 келі), Бексұлтан Боранбек (55 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Санжар-Али Бегалиев (80 келі), Өнер Сейілхан (85 келі)

Кей танымал боксшылар жаңа салмаққа көтерілді.

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (70 келі), Диас Молжігітов (80 келі), Нұрқанат Райыс (80 келі), Токио Олимпиадасының қатысушысы, ӘЧ күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл (85 келі), Өнер Сейілхан (85 келі).

Өкінішке қарай, түрлі себептермен әлем чемпиондары Асланбек Шымбергенов, Нұрбек Оралбай, Бекзад Нұрдәулетов қатыспайды.

Қазақстан чемпионаты жылдың шешуші жарыс емес.

Жыл соңына дейін Үндістанда Әлем Кубогының финалдық кезеңі және БАӘ-де ерлер арасындағы әлем чемпионаты ұйымдастырылады.

50 келі. 24 боксшы

Нақты фаворитті айту қиын. Фавориттердің қатарына 8 дүркін Қазақстан чемпионы, 37 жастағы Теміртас Жүсіпов, Қазақстан чемпиондары Даниал Сәбит, Дамир Әбдіқадыр, Ернұр Қайрат жатады. Одан бөлек, Нұрзат Оңғаров, жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Диас Берікбай, 22 жасқа дейінгі Азия чемпионы Тілеуберді Сүлеймени бар.

Мүмкін болар қызықты жекпе-жектер:

1/16 финал

Ернұр Қайрат (Алматы қ.) - Ернар Қарап (Абай обл)

1/8 финал.

Дамир Әбдіқадыр (Әскерилер арасында әлем чемпионы) - Нұрзат Оңғаров (Жамбыл обл)

1/2 финал

Даниал Сәбит (БҚО) - Теміртас Жүсіпов (Ақмола обл)

55 келі. 33 боксшы

Бір қарағанда финалда Нұрсұлтан Алтынбек пен Сәкен Бибосынов жұдырықтасатындай әсер қалдырады. Алайда Кенже Мұратұлы, Бексұлтан Боранбек, Тимур Қабдешов те жүлдеге таласып көреді. 

Мүмкін болар қызықты жекпе-жектер:

1/2 финал

Тимур Қабдешов (Ақмола обл) - Сәкен Бибосынов (Түркістан обл)

1/2 финал

Нұрсұлтан Алтынбек (Қызылорда обл) - Бексұлтан Боранбек (Жамбыл обл)

60 келі. 34 боксшы

Нақты фаворитті айту өте қиын. Бұл салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов, Бейбарыс Жексен, 2 дүркін 22 жасқа дейінгі Азия чемпионы Нұрислам Қалдыбаев, Асылжан Серікбай, Оразбек Асылқұлов, Дәулет Молдашев, Ерболат Сабыр, Руслан Күзеубаев Шыңғыс Мусинов, Алексей Хаванцев сынды мықтылар бар.

1/8 финал

Талғат Сырымбетов (Қарағанды обл) - Ерболат Сабыр (Павлодар обл)

1/4 финал

Бейбарыс Жексен (Жамбыл обл) - Асылжан Серікбай (Шымкент қ)

1/4 финал

Оразбек Асылқұлов (Ақмола обл) - Нұрислам Қалдыбаев (2 дүркін 22 жасқа дейінгі Азия чемпионы)

65 келі. 39 боксшы

Финалда Ертуған Зейнуллинов пен Санаәлі Төлтаев жолығып қалуы ықтимал. Тәжірибелі Жандос Қыдыралиев пен Илья Калинин, Бақтияр Анарбаев, Алмат Әбдуәліні де ескеру керек.

Мүмкін болар қызықты жекпе-жектер:

1/4 финал

Жандос Қыдыралиев (Алматы қ) - Илья Калинин (Жамбыл обл)

1/4 финал

Алмат Әбдуәлі (Алматы қ) - Бақтияр Анарбаев (Түркістан обл)

70 келі. 25 боксшы

Әзірше Абылайхан Жүсіповке тең келер қарсылас көрінбейді. Жүлдеге үмітті спортшылардың тізімінде Фарух Тоқтасынов, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Нұрбек Мурсал, Дархан Дүйсебай, Нұржан Амангелді, Елнұр Сүйінбай бар.

Мүмкін болар қызықты жекпе-жектер:

1/4 финал

Нұржан Амангелді (Жетісу обл) - Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (Түркістан обл)

1/4 финал

Фарух Тоқтасынов (Алматы қ) - Елнұр Сүйінбай (Жамбыл обл)

75 келі. 22 боксшы

Басты фаворит - Сабыржан Аққалықов. 

Мүмкін болар қызықты жекпе-жектер:

1/2 финал

Сабыржан Аққалықов (Қарағанды обл) - Аман Қонысбеков (Түркістан обл)

1/2 финал

Талғат Шайкен (Ақмола обл) - Тимур Нұрсейітов (Астана қ)

80 келі. 18 боксшы

Былтырғы чемпион Азамат Бектасқа өз атағын қорғау қиынға соқпақ. Жарыс қожайыны Ерасыл Жақпеков, жастар арасында әлем чемпионы Санжар-Али Бегалиев, Диас Молжігітов, Нұрқанат Райыс, Бақберген Әлиасқаров, Михаил Коханчик чемпиондықты өзара сарапқа салады.

Мүмкін болар қызықты жекпе-жектер:

1/4 финал

Санжар-Али Бегалиев (жастар арасында әлем чемпионы) - Нұрқанат Райыс (Маңғыстау обл)

1/4 финал

Бақберген Әлиасқаров (22 жасқа дейінгі Азия чемпионы) - Азамат Бектас (Қызылорда обл)

85 келі. 19 боксшы

Әлем Кубогы кезеңінің чемпионы Дәулет Төлемісовтен көпшілік үміт күтеді. Біраз үзілістен кейін оралған Әбілхан Аманқұл өзін қалай көрсетер екен? Жастар арасында әлем чемпионы Өнер Сейілхан мен 92 келіден төмендеген Бекнұр Батырбек жүлдеге араласа ала ма?

Мүмкін болар қызықты жекпе-жектер:

1/2 финал

Өнер Сейілхан (жастар арасында әлем чемпионы) - Әбілхан Аманқұл (Әлем чемпионатының күміс жүлдегері)

Финал

Дәулет Төлемісов (Ақтөбе обл) - Әбілхан Аманқұл (Әлем чемпионатының күміс жүлдегері)

90 келі. 11 боксшы

Сағындық Тоғамбай мен Темірлан Мұқатаев финалда жолығып, осы салмақтың қожайынын анықтауы әбден ықтимал.

+90 келі. 15 боксшы

Ағайынды Нұрлан және Даниал Сапарбай қайтадан финалға дейін жете ала ма?


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Асхат Қаженов: Ұяты бар бапкер өз еркімен қызметінен кетеді

Футбол 3 сағат бұрын

Асхат Қаженов: Ұяты бар бапкер өз еркімен қызметінен кетеді

Қайрат Боранбаев: «Қайрат» «Реал Мадрид» кездесуінде телекөрсетілімнен қыруар пайда тапты 

Футбол 4 сағат бұрын

Қайрат Боранбаев: «Қайрат» «Реал Мадрид» кездесуінде телекөрсетілімнен қыруар пайда тапты 

Дінмұхамед Қараман «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін

Футбол 4 сағат бұрын

Дінмұхамед Қараман «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін

6 әлем чемпионы, жаңа ереже: Қазақстан чемпионатының жеребесі қалай өтті?

Бокс 4 сағат бұрын

6 әлем чемпионы, жаңа ереже: Қазақстан чемпионатының жеребесі қалай өтті?

Конькимен жүгіруден Қазақстан кубогында ұлттық құрама жасақталады

Футбол 5 сағат бұрын

Конькимен жүгіруден Қазақстан кубогында ұлттық құрама жасақталады

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын сәтсіз аяқтады

Теннис 5 сағат бұрын

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын сәтсіз аяқтады