2 сағат бұрын
Бокстан Қазақстан чемпионатында Олимпиада жүлдегері жеңіліс тапты

Семей қаласында бокстан Қазақстан чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz.
Әйелдер арасындағы 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде елорда атынан сынға түскен тәжірибелі боксшы, Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова алғашқы жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы Жамбыл облысының өкілі Назерке Серік болды.
Кездесу тартысты өтті. Екі спортшы да жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Алайда төрешілер шешімімен жеңіс Назерке Серікке (5:0) берілді.
Айта кетейік, жарыстың бас демеушісі - «BELES» компания я.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
