3 сағат бұрын
Ең егде боксшының камбэгі, Олимпиада жүлдегерінің жеңілісі: Қазақстан чемпионатының алғашқы күні қалай өтті?

Семей қаласында бокстан Қазақстан чемпионатының бірінші күні мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz
Теміртастың жаңа салмақтағы дебюті
48 келінің қожайынына айналған 37 жастағы Теміртас Жүсіповтің өзге салмақта жұдырықтасуын көру көпшілік үшін қызық болды. Алайда Шымкент қаласынан келген Біржан Нұрымбетов 1-раундты өз еншісіне жазғанымен, қалған уақытта Теміртас тұрақты қысымы мен шабуылдауына төтеп бере алмады. Есеп: 5:0.
Жарыс қожайынының реваншы
Абай облысының өкілі Ернар Қарап бұған дейін 2 мәрте Ернұр Қайраттан (Алматы қ) есе жіберген еді. Осы жолы шаршы рингтің иесі 3-раундта терезесі теңдей айқасты өз жағына бұрып алды. Есеп: 4:1
Фавориттердің күмәнсіз жеңісі
Алтынға үміткер Даниал Сәбит (БҚО), жастар арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері Диас Берікбай (Жетісу обл), жас талант Нұрзат Оңғаров (Жамбыл обл), 22 жасқа дейінгі Азия чемпионы Тілеуберді Сүлеймени, Бекзат Алдамжаров бірінші айналымда күмәнсіз жеңіске жетті.
Рио Олимпиадасы қола жүлдегерінің ерте қоштасуы
Әйелдер боксында көптеген жетістіктерді бағындырған 36 жастағы Дариға Шәкімова 65 келідегі алғашқы кездесуінде-ақ Жамбыл облысының спортшысы Назерке Серікке еш қарсылық көрсете алмады. Бүгінгі күннің басты сенсациясы ретінде бағаланса да, Назерке жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанып, 2021 жылы жастар арасында әлем чемпионатының ширек финалына дейін жеткен.
Айта кетейік, жарыс 21 қазанға дейін жалғасады.
Жарыстың бас демеушісі - BELES құрылыс компаниясы.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
