4 сағат бұрын
Болашағынан үміт күттірер боксшы ел чемпионатында Азия жеңімпазын жеңіп кетті

Семей қаласында бокстан ересектер арасындағы ел чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
2025 жылы 2 мәрте 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионы атанған, 60 келідегі Нұрислам Қалдыбаев жарыс жолын сәтті бастады. Ол алғашқы айналымда Маңғыстау облысының өкілі, жасөспірімдер арасында Азия чемпионы Адайбек Ниязбайға еш мүмкіндік қалдырмады. Нұрислам барлық раундта жоғары қарқында қимылдап, қарсыласының ес жиюына мүмкіндік бермеді. Қорытынды есеп: 5:0.
Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев дәл осы спортшының жеңіске деген құштарлығын айтып, болашақта өзін көрсетуі әбден мүмкін деп бағалаған болатын.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 21 қазанда мәресіне жетеді.
Жарыстың бас демеушісі - BELES құрылыс компаниясы.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
