3 сағат бұрын
Cерік Теміржанов Қазақстан чемпионатын сенімді бастады

Семей қаласында бокстан ересектер арасындағы ел чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Павлодар облысының намысын қорғап жүрген Серік Теміржанов турнирдегі алғашқы жекпе-жегін 60 келіде өткізіп, Түркістан облысының өкілі Нұрасыл Тұлыбекпен кездесті. Кездесудің нәтижесінде фаворит айқын жеңіске жетті.
Серік Теміржанов 57 келіге дейінгі салмақта әлем және Азия чемпионаттарының күміс жүлдегері. Сондай-ақ 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 21 қазанда мәресіне жетеді.
Жарыстың бас демеушісі - BELES құрылыс компаниясы.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
