3 сағат бұрын
Қазақстан чемпионы нокдаунға түсіп қалса да жеңіске жетті

Семей қаласында бокстан ересектер арасындағы ел чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
2024 жылғы Қазақстан чемпионы, 55 келіде фавориттердің бірі - Тимур Қабдешов бірінші айналымда Маңғыстау облысының өкілі Самат Жетібаевпен күш сынасты. Ел чемпионы басымдықты өз қолына алғанымен, 2-раундтың соңында таза нокдаунға түсіп қалды.
Әйтсе де Тимур Қабдешов қалған уақытта басымдығын сақтап, 4:1 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 21 қазанда мәресіне жетеді.
Жарыстың бас демеушісі - BELES құрылыс компаниясы.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
