3 сағат бұрын
Сәкен Бибосынов жаңа салмақта жеңіске жетті

Семей қаласында бокстан ересектер арасындағы ел чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы Сәкен Бибосынов 55 келіге көтерілді. Ол ел чемпионатының бірінші айналымында жарыс қожайыны Нұрахмет Берікболовпен жолықты. Атақты боксшы 3 раундта да айтарлықтай қиындыққа тап болмай, сенімді түрде жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 5:0.
Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 21 қазанда мәресіне жетеді.
Жарыстың бас демеушісі - BELES құрылыс компаниясы.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
