10 сағат бұрын
Әбілхан Аманқұл 4 жылдан кейін рингке оралды

Бокстан Семей қаласында ел чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 85 келідегі Әбілхан Аманқұл араға 4 жыл салып, қайта әуесқой боксқа оралды. Ол соңғы рет 2021 жылы Токио Олимпиадасында жүлдеге таласқан болатын.
Боксшы 1/8 финалда Алматы қаласының өкілі Сержан Еркінмен жолықты. Шиеленісті өткен жекпе-жек 5:0 есебімен Әбілханның пайдасына шешілді.
Айта кетейік, жарыстың бас демеушісі - BELES құрылыс компаниясы.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
