5 сағат бұрын
Ертуған Зейнуллинов ширек финалға өтті

Бокстан Семей қаласында ел чемпионаты жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
65 келідегі Ертуған Зейнуллинов 1/8 финалда Қызылорда облысынан келген Бағлан Тұрсынбаймен шықты. 3-раунд бойы Ертуған өз басымдығын танытып, бір бас жоғары екендігін көрсетті. Нәтижесінде ол 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Ертуған Зейнуллинов - 2024 жылғы Қазақстан чемпионы, 2025 жылы Софияда (Болгария) өткен «Странджа» кубогының финалисі. Сондай-ақ, 2025 жылы Астанада өткен World Boxing әлем кубогы кезеңінде қола медаль жеңіп алды. Ал 2025 жылы Ливерпульде (Ұлыбритания) өткен әлем чемпионатында 1/4 финалға дейін жетіп, Олимпиада чемпионы, өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаевқа есе жіберді.
Айта кетейік, жарыстың бас демеушісі - BELES құрылыс компаниясы.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
