5 сағат бұрын

World Boxing үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады

World Boxing үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады

Фото: Қазақстан ҰОК

Халықаралық World Boxing федерациясы әлемнің үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport12.kz.

Еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасының жеті өкілі үздіктер тізімінің көшін бастады.

Атап айтқанда, Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Аида Әбікеева (65 келіге дейін), Наталья Богданова (70 келіге дейін), Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (55 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) өз салмақ дәрежелерінде бірінші орынға ие болды.

Сондай-ақ Алуа Балқыбекова (51 келіге дейін, 2-орын), Виктория Графеева (60 келіге дейін, 3-орын), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары, 3-орын) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін, 2-орын) үздік үштікке енді.

Айта кетейік, рейтингтік ұпайлар 2024 жылғы Олимпиада ойындарының, әлем чемпионатының, Әлем кубогы кезеңдерінің және World Boxing Challenge турнирлерінің нәтижелері бойынша беріледі.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Атпен мәнерлеп жүруден Қазақстан чемпионатында алғашқы жеңімпаздар анықталды 

Басқа 4 сағат бұрын

Атпен мәнерлеп жүруден Қазақстан чемпионатында алғашқы жеңімпаздар анықталды 

Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Орталық Азия үздігі атанды

Хоккей 4 сағат бұрын

Көгалдағы хоккейден Қазақстан құрамасы Орталық Азия үздігі атанды

Токио Олимпиадасынан кейінгі оралу, чемпионның сүрінуі: Қазақстан чемпионатының 4-ші күні қалай өтті?

Бокс 4 сағат бұрын

Токио Олимпиадасынан кейінгі оралу, чемпионның сүрінуі: Қазақстан чемпионатының 4-ші күні қалай өтті?

World Boxing үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады

Бокс 5 сағат бұрын

World Boxing үздік боксшыларының алғашқы рейтингін жариялады

Даниил Медведев Almaty Open турнирінің финалына шықты

Теннис 5 сағат бұрын

Даниил Медведев Almaty Open турнирінің финалына шықты

Дидар Сыдықбек «Атыраудың» бас менеджері қызметінен өз еркімен кетті

Футбол 6 сағат бұрын

Дидар Сыдықбек «Атыраудың» бас менеджері қызметінен өз еркімен кетті