4 сағат бұрын
Токио Олимпиадасынан кейінгі оралу, чемпионның сүрінуі: Қазақстан чемпионатының 4-ші күні қалай өтті?

Семей қаласында бокстан кезекті жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Sport12.kz
Әуесқой боксқа қайта оралу
2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл 4 жылдық үзілістен кейін қайта Қазақстан чемпионатында бой көрсетті. Ол бұған дейін 2021 жылы Токио Олимпиадасының ширек финалында сүрінгеннен кейін әуесқой боксқа кеткен еді. Отандасымы бірінші жекпе-жегінде Алматы қаласының өкілі Сержан Еркіннен басым түсті.
Чемпиондық атақты қорғай алмау
60 келіде ел чемпионы Талғат Сырымбетов атағын сақтай алмады. 1/8 финалда оған жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Жансері Көшербаев түсті. Жас боксшы сауатты қимылының арқасында 1-раундты өз еншісіне жазды. 2-раундта қос боксшы басымен соғысып, айқас уақытынан бұрын тоқтатылды. Нәтижесінде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Жансеріге берді. Жансері алғашқы айналымда да Қазақстан чемпионы Ерболат Сабырды (Павлодар обл) тоқтатқан еді.
Фавориттердің сенімді жеңісі
60 келідегі Бейбарыс Жексен, 22 жасқа дейінгі 2 дүркін Азия чемпионы Нұрислам Қалдыбаев, Серік Теміржанов және 65 келідегі Ертуған Зейнуллинов, Санатәлі Төлтаев; 75 келіде Сабыржан Аққалықов, Аман Қонысбеков өз деңгейлерін дәлелдеп келеді.
14 келі салмақ қосқан Өнер Сейілхан
2024 жылы Черногорияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 71 келіде топ жарған Өнер Сейілхан ересектер арасында басқа салмақта жүлдеге таласуға бел байлады. 85 келіде сынға түскен Өнер бірінші жекпе-жегінде Абылайхан Битимовпен (Атырау обл) жолығып, аса қатты қиналмады. Есеп: 5:0.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
