4 күн бұрын
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жаңа салмақта жүлдеге ілікті

Бокстан Семей қаласында ел чемпионатының ширек финалдық бәсекелері жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sport12.kz
65 келіден 70 келіге көтерілген Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 1/4 финалда Жетісу облысының өкілі Нұржан Амангелдімен кездесті. Алғашқы раундта Нұржан басым түскенімен, қалған уақытта Мұхаммедсабыр қарқынын арттыра алды. Нәтижесінде ол жекпе-жектің тағдырын өзгертіп, 4:1 есебімен басым түсті.
Жартылай финал ертең өтеді.
Айта кетейік, жарыстың бас демеушісі - BELES құрылыс компаниясы.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
